Алматинский государственный колледж технологий и флористики

«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»

Қазақ халқының ұлы ақыны — Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Алматы Технология және Флористика колледжінің оқытушылары мен студенттері «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» атты «Адалдық сағатына» қатысып, ақынның адалдық, арлылық, әділдік секілді адамзаттың ұлы құндылықтарын насихаттайтын шығармаларымен танысып, рухани тыныстады. Осы тәрбие жұмысы арқылы болашақ ұрпақтың бойына еңбексүйгіштік, әділеттілік, қайрымдылық қасиеттерін сіңіріп, рухани таза, кемел адам тәрбиелеу мақсатымыз болып отыр. Абай өзінің адамгершілік идеяларының бастауын «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» деп айтып кеткеніндей, кез келген адамның толымды, кемел болуына осы үш амалдың орындалуын баса назарға алады. Тағы бір сөзінде Абай:

«Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға» дейді. Дәл қазіргі жағдайда, техникасы мен білімі қарыштап дамып келе жатқан елімізде, осындай қағиданы жүрегіне бекітіп, болашағы үшін талмай, қажырлы еңбек ететін ұрпақты тәрбиелеу басты міндетіміз деп санаймыз.

Аметова М.М., преподаватель русского языка и литературы

Алматинского колледжа технологий и флористики.

 

ОТЗЫВ о видеоролике «Час добропорядочности»

Я с большим интересом посмотрела видеоролик «Час добропорядочности» на тему: «Добропорядочность – наследие великого Абая». Ғанижан Асанұлы с увлечением и энтузиазмом рассказал нам о наследии великого Абая и привел прекрасные примеры из «Слов назидания» Абая. Он призывает молодежь быть честными перед самим собой, не позволять себе списывать что-либо, быть уверенными в себе, и начинать это уже со сдачи экзамена. Честность и справедливость должны стать неотъемлемыми качествами каждого казахстанца. Как сказал Президент Казахстана Касымжомарт Токаев: «Познание Абая – это познание самого себя… Слова Абая должны стать ориентиром поколения». «Честный труд открывает дорогу к успешной жизни» - такой вывод мы делаем из «Слов назидания» Абая. Справедливость, добропорядочность и доверие должны стать ценностями нашего общества. Со своей стороны хочу призвать студентов нашего колледжа: «Читайте, изучайте, цените наследие нашего мудрого и великого предка Абая!»