Алматинский государственный колледж технологий и флористики

Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы

Алматы Технология және Флористика колледж кітапханасының оқырман студенттері Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай өлең арнауда.
18-23 топ Әділбекова Ақмарал
18-23 топ Әлімбек Марал
18-24 топ Бақытбекова Айдана
#АКТиФколледжі
#кітапхана

Алматы Технология және Флористика колледжі кітапханасының тұрақты оқырманы 18-24 топ студенті Даулетхан Айтолқын Ұлы отан соғысының 75 жылдығына орай өлең арнауда. Жеңіс! 1945 жылдың 9 мамыр күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты.
Бұл сұм соғыста сан мыңдаған адамдар мерт болып, қаншамасы мүгедек болып қалды. Дегенмен бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің қанымен , жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері ерекше.“ Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам“ - деп қазақтың қаһарман жауынгер - ақыны Бауыржан Момышұлы айтқандай, біздің батырларымыз Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігін, құрметтейтіндігін білдіреді. Қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады.
#АКТиФколледжі
#кітапхана