Алматинский государственный колледж технологий и флористики

ШЫН ДОС БОЛУ БАҚЫТ!

19-38 топ. Тәрбие сағаты:ШЫН ДОС БОЛУ - БАҚЫТ!
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық.
-А. Шопенгауэр «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу  деген сөз.  Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды»
-Парсы жазушысы Кабус «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады».
Және халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау  қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.