"Nur Otan" партиясының бастамасымен еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатқан "Менің Туым - Менің Отаным!" патриоттық акциясы бүгін Алматы технология және флористика колледжінде өз жалғасын тапты.
Акцияның мақсаты - мемлекеттік туды насихаттау және Қазақстандық жастарды патриотизмге тәрбиелеу, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік туды пайдалануға және орнатуға тыйым салу туралы қоғамда қалыптасқан стереотипті жою болып табылады.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу - Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы.
#МеніңТуымМеніңОтаным
#МеніңОтаным#меніңТуым#меніңелімҚазақстан#