Алматинский государственный колледж технологий и флористики

Қазағымның дәтүрлері-ай

#Онлайнкітапхана
#Батаберу
Ақтілеудің белгісі — бата. Ол кез кезген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жаксысын халық "ақ бата" деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар.
1. Жас талапкерге бата. "Сырым батыр жас кезінде батасын алайын... деп Бөкен биге барыпты". Бұл ерлік, өнер, өмір жолына, ұзақ сапарға аттанар алдында әдейі барып тілейтін бата. Қошқарұлы Жәнібек жас кезінде Кідркерей Сокыр Абыздан бата сұрай барғанда ол кісі былай депті:

Белбеуің беліңдегі байлаулы болсын,
Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын.
Есігің ашық болсын.
Кабағың жазық болсын.
Сонда ағайының кетпес қасыңнан.
Жақыныңа бұрмай төрені түзу бер,
Сонда қаумалаған халық кетпес қасыңнан. 
Мұндай баталар талапты, халық сүйген, ер азаматтарға ғана берілген.