2020 жылдың 29-шы жұлдызында колледж кітапханасының ұйымдастыруымен Абай атамыздың туғанына 175-жыл толуына орай "Абай дана, Абай дара қазақта" атты әдеби кеш өтті. Кешке жас Абайтанушы, сыншы Бағашар Тұрсынбайұлы мен "Ақ желкен" журналының бас редактор орынбасары жас ақын - Асылан Тілеген қонақта болып, Абай атамыз жайлы біраз сыр шертісті. Колледж студенттері Абай атамыздың өлеңдерін жатқа оқып, «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен орындады, сонымен қатар Жұмабай, Сержан сынды әнші ағаларымыз домбырамен ән шырқап кештің көңілді өтуіне және жас талантты студенттердің шабыты мен талабын оятуға ықпал етті. Бұл кеш Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі, қара сөздері мен жазбаларының мәңгі өшпейтінін дәлелі болды.