Алматинский государственный колледж технологий и флористики

1 наурыз - «Алғыс айту күні»

2021 жылдың 5-22 ақпан аралығында «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы технология және  флористика  колледжінде 1-2 курс студенттеріне (35 топқа) «Ризашылық –мейрімділік бұлағы!» атты тақырыптық сағаттары өткізілді.

Мақсаты: студенттердің сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылықпен алғыс айту туралы түсінік беру, әдептілікке тәрбиелеу. Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.