Алматинский государственный колледж технологий и флористики

2020 жыл Еріктілер жылына орай, Алматы Технология жəне флористика колледжінде "Ерікті болу ерлік" атты тақырыпта КТА ойындары ұйымдастырылды.

2020 жыл Еріктілер жылына орай, Алматы Технология жəне флористика колледжінде "Ерікті болу ерлік" атты тақырыпта КТА ойындары ұйымдастырылды. Ойынның басты мақсаты: студенттердің қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттырып, ерікті болудың ерекшелігін түсіндіру.
Ойынға І, ІІ-ші курс студенттері қатысып, барлығы сегіз команда бақтарын сынады. Ойын сəлемдесу, əуенді əзіл, үй тапсырмасы сынды үш кезеңнен тұрды. Əр кезеңде студенттер барын салып жан-жақтылығын көрсетіп бақты. Ойын қорытындысы бойынша, 19-38 топ студенттері бас жүлде иегері атанса, 18-23топ студенттері І ші орыннан көрінді. Жүлделі ІІ-орын 19-39 топ студенттері мен 18-22 топ студенттерінің қоржынында кетті. ІІІ-орынды 19-42 ,18-24,18-20 топ студенттері иемденді. Жарыс жеңімпаздарына алғыс хаттармен арнайы сыйлықтар табыс етілді. Сындарлы қоғамда саналы ұрпақ тəрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шара өз нəтижесіне қол жеткізді.