Алматинский государственный колледж технологий и флористики

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні – ақ жаулықты апалар, ардақты аналар, аяулы қыздардың мерекесі. Мерекеге орай колледжімізде аз қамтылған отбасындағы аналарымызға шағын концерт ұйымдастырылды. Концерт барысында студенттер өз өнерлерін көрсетіп, аналарымыздың көңілін көтерді және де колледж атынан аналарымызға сыйлықтар берілді.