Алматинский государственный колледж технологий и флористики

«Abilympics» ерекше білім алу қажеттіліктері бар жандар арасындағы кәсіби шеберлік чемпионаты.

Чемпионаттың мақсаты студенттерге кәсіптік бағдар беру, кәсіби дағдыларын дамыту, олардың жұмысқа орналасуына ықпал етуге, сондай-ақ инклюзивті кәсіптік білім беру процесіне жұмыс берушілерді тартуға бағытталған. 
13.05.2021 жылы Алматы технология және флористика колледжі базасында “Abilympics ”Ұлттық чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындық өтті. Инклюзивті білім беру бөлімінің студенттері «Тігінші», «Жиһаз жасаушы», «Графикалық дизайн», «Робототехника» құзіреттіліктері бойынша дайындықтарын көрсетті. «Флористика» құзіреттілігі бойынша дайындық колледждің әлеуметтік серіктесі Gul Market гүл лабораториясының базасында өтті. Студенттер мерекелік гүл шоқтарын жасау үрдісін көрсетті. Колледж Abilympics кәсіби шеберлік чемпионатына қатысу арқылы жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, студенттердің мамандық бойынша кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, еңбек нарығында сұранысқа ие маман қалыптастыруды көздейді. 
Чемпионатқа дайындық барысын СТВ каналы түсіріп, 15.05 күні «Апталық шолуға» шықты.