Алматинский государственный колледж технологий и флористики

Ауған ақиқаты

16 ақпан күні Алматы технология және флористика колледжінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай «Ауған  ақиқаты» атты әлеуметтік желіде тікелей эфирде кездесу кеші өткізілді. Кешке Ауған соғысының ардагері запастағы капитан Жусипов Оразбай қатысты. Кездесу барысында ардагер соғыс жылдарында бастан өткізген қиындықтары жайлы әңгіме қозғап, желі арқылы келіп түскен сұрақтарға жауап берді.