Алматинский государственный колледж технологий и флористики

Ауғанстан Республикасының аумағынан Кеңес әскерлерінің шығарылуының 31-жылдығына орай колледжімізде Ауған соғысының ардагерлері және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің запастағы офицерлерімен кездесу өтті.

Ауғанстан Республикасының аумағынан Кеңес әскерлерінің шығарылуының 31-жылдығына орай колледжімізде Ауған соғысының ардагерлері және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің запастағы офицерлерімен кездесу өтті. Кездесу қонақтары - полковник Ертісбаев Қазақбай Зейноллаұлы, старшина Азизов Пархат Батырханұлы, старшина Қарағулов Қайыржан Сарсенұлы, майор Намазбаев Мұқаш Мұқанұлы және майор Ибраимов Кадірбек Ражанұлы .
Бүгінде осы ардагерлеріміз Ауған жерінде болған сұм соғыстың қиын-қыстау кезеңдерін, ерлік пен даңқты батыр-қаhармандары туралы естелік айтушы тұлғаларымыз.
Шараға қатысқан қонақтарымыз ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды.