Елімізде біртуар азаматтар аз болған жоқ! Соның бірі әрі бірігейі сыншыл ақын шыншыл ақын - Мұқағали Мақатаевқа арналған «Өшпес ғұмыр, өміршең жыр» атты поэзия кеші өтті. Кездесу қонақтары Ғабит Мүсірепов театрының актері "Мен ұмытылмаймын" атты Мұқағали Мақатаевтың рөлін шеберлікпен сомдаған, Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының иегері - Әсет Иманғалиев және жас талантты актер әйгілі "Телқара" спектаклінде ұлы Абайдың жас кезін сомдаған - Күншібаев Ернат. Сонымен қатар Мұхтар Әуезов атындағы театр актері, әнші, "Абай" спектаклінде баласы Әбішті сомдайды. "Мұқағали мен сырласу" музыкалық койылымда Мұқағалиды сомдаған - Ғалым Оспанов. Ақын өз кезінің біртуар талант иесі. Ақынның сөзі де өзі де әлі күнге дейін өлмегені хақ!