Алматинский государственный колледж технологий и флористики

“Jastar skills 2021”, “Abilympics 2021” кәсіби шеберлік чемпионаты өтті

16.09.2021 жылы Алматы технология және флористика колледжінің базасында Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы, Алматы қаласы Білім басқармасы, Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қордың қолдауымен “Jastar skills 2021”, “Abilympics 2021” кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Колледждің инклюзивті білім беру бөлімінің “Бақ-саябақ шаруашылығы” мамандығының 1,2,3 курс студенттері “ФЛОРИСТИКА” құзіреттілігі бойынша қатысты. Студенттер чемпионат талабына сай “Біржылдық гүлдерден себетке күзгі композиция жасау”, “Флористикалық ағаш”, “Раушан гүлден гүл шоғы” байқау тапсырмаларын орындады. Чемпионатқа “GulMarket” гүл зертханасының аға шебері, сарапшы Волкова Юлия Сергеевна төрелік етті. Бас жүлдені 19-46 топ студенті Сыдықжан Якупжан иемденсе, келесі орындарды Узабай Әнуар, Клименко Валерия, Левшина Кристина жеңіп алды. 
Чемпионат санитарлық-эпидемологиялық талаптар негізінде, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын-алу талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылды.