Қашықтықтан оқыту жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс:
1.Ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы психологиялық,педагогикалық сүйемелдеуді үздіксіз жүргізу;
2.Ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу (баланың жағдайын, көңіл-күйін, білім алуына көмек беру);
3.Күнделікті сабақ кестесіне сай Қашықтықтан оқыту жағдайында сапалы білім алудың қолжетімділігін қамтамасыз ету (Электронды оқулықтар, видеосабақтар, видеоконференциялар, Blm.kz,ватсап желісі т.б. әлеу.желілер.)
4.Баланы түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау көрсету;
5.Ерекше білім беретін балаларды қалыпты дамыған балалармен кіріктіріп оқытудың нәтижесінде сапалы мамандарды даярлау.