Алматинский государственный колледж технологий и флористики

Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері

Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
•   Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
•   Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
•  Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
 
Осыған орай, инклюзивті білім берудің  негізгі 8 принципі туындайды.
Яғни ол мына принциптер:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір студент  жетістікке жету үшін өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.